25 ақп, 2021 сағат 09:43

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады – Президент тапсырмасы

Қазақстан азаматтары медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады. Тиісті тапсырманы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.