"Сбербанк" қазақстандық клиенттер доллар шығарып ала алмайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде ресейлік "Сбербанктің" Қазақстандағы салымшылары шетел валютасымен, дәлірек айтсақ доллармен ақша ала алмайды деген ақпарат тарады.
"Жоқ, бұл - жалған ақпарат. Клиенттер бұрынғыдай өз қаражаттары мен қызметтеріне толық қол жеткізе алады. Сондай-ақ, клиенттер теңгемен және шетел валютасымен есеп айырысып, аударымдарды жүзеге асыра алады. Клиенттер "Сбербанк" қызметтерін бөлімшелерде де, Sber KZ онлайн режимінде де ала алады. "СберБизнес" мобильді қосымшалары, сондай-ақ басқа да сервистік арналар арқылы салымшылардың жинақтарын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.