31 нау, 2021 сағат 18:03

Қазақстандық вакцина қандай ыдыспен тасымалданады?

QazСovid-in вакцинасына арналған алғашқы құтылар Қытайдан әкелінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық вакциналар арнайы сертификатталған құтылармен тасымалданады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

«Біздің вакциналар арнайы құты сауытқа құйылып сатылады. Біз қазір қажет құтыларды сатып алдық. Оған кез келген құты жарай бермейді. Сертификатталған, белгілі бір құтылар ғана жарайды. Біз Қытай Халық Республикасына тапсырыс бергенбіз. Институтқа 3 млн дана құты әкелінді. Олар қазір бос, келешекте оларға біздің вакциналар құйылады», - деді ғалым.