Фото: 2gis.kz
Сенат кулуарында депутат бұл жоспарлар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Бұл - жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау қажет болды. Заң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде" оқыту мәселесін реттейді.
Сенаторлар осы университет атауындағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтата тұруға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы" деген сөздерді "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстыруды ұсынды", - деді депутат Орынбасаров.