Фото: ҚР ТЖМ
Ауғанстанға аттанған Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері елге оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару туралы шешім қабылданды.
Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғалы бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерген. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп, 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарына тексеру жүргізген.
Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.