Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынақ фазасы санын 4-тен 2-ге дейін қысқартады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Институт мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникаға дейінгі сынағын 2020 жылдың 20 тамызында аяқталып, нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне береді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталуы тиіс
«2020 жылдың қазан айының ортасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келетін 200 еріктіге клиникалық сынақ өткізудің ІІ фазасына шығу жоспарланған. Клиникалық сынақтың ІІ фазасы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Көптеген елдің (Қытай, АҚШ, Ресей) тәжірибесін және халықты вакцинамен қамтамасыз ету қажеттігін қаперге ала отырып, клиникалық сынақ фазасының санын 4-тен 2-ге дейін қысқарту қарастырылып жатыр. Бұл ДДСҰ талаптарына қайшы болмайды», - деп атап өтеді институттан.
Бұған дейін COVlD-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны еріктілерге сынау қыркүйекте басталатындығын хабарлаған едік.