Сурет: ашық дереккөз
Ыстықкөл қаласындағы аудандық ауруханада ауыр жарақат алған Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
24.kg мәліметінше, 15 шілдеде аудандық ауруханаға 42 жастағы Балықшы тұрғыны, Қазақстан азаматы ауыр жарақатпен жеткізілген. Ер адам Қара-Ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында жарақат алған. Жағажайда қайық соққаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскен.
Оқиға тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қайықтың иесі – 32 жастағы жергілікті тұрғын, ал оқиға сәтінде қайықты 18 жастағы жігіт басқарған. 16 шілдеде жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 127-бабы «Абайсызда адам өлтіру» және 311-бабы «Теміржол, әуе немесе су көлігінің қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.