12 нау, 2021 сағат 12:00

Қазақстандық әйелдердің 17 пайызы күйеуінен қорлық көрген - UNFPA

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерден құралған 40 медицина қызметкері гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің практикалық білімімен және тәжірибесімен қамтамасыз етуден тұратын екі күндік қазақ тіліндегі онлайн-тренингтен өтті.

2020 жылдың сәуір айында Денсаулық сақтау министрлігі ЮНФПА-ның қолдауымен әзірленген гендерлік зорлық-зомбылық кезінде медициналық көмек көрсетудің отандық практикадағы алғашқы клиникалық хаттамасын бекітіп қабылдады.

Бұл хаттаманы іс жүзінде енгізуге көмектесу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен UNFPA Ұлыбританияның Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлері үшін қазақ және орыс тілдерінде онлайн-курс әзірледі. Себебі олар - гендерлік зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандармен бірінші болып қарым қатынас орнататын қызметкерлер. 

Әлемдегі әрбір үшінші әйел негізінен жыныстық серіктес тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Қазақстанда серігі бар 18-75 жас аралығындағы әйелдердің 17% өз өмірінде бірнеше рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа, тіпті екеуін де бастан кешіргенін хабарлады.

Медициналық және әлеуметтік қызметкерлер мен полицияның бірлескен қызметі зорлық-зомбылықтың алдын алуда және оған жауап беруде маңызды рөл атқарады.

Жедел жәрдем қызметкерлері, әдетте, зорлаудың немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерді бірінші болып тексереді. 

Түрмелер, психиатриялық ауруханалар және қарттар үйі сияқты мекемелерге баратын денсаулық сақтау мамандары зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге сыртқы көмектің жалғыз көзі бола алады. 

«Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық адам құқығын бұзу болып табылады, ал әйелдер мен қыздар үшін ұзақ мерзімді физикалық, жыныстық және психикалық зардаптар ауыр тиуімен қатар өлімге де алып келуі ықтимал. Зорлық-зомбылық әйелдердің жалпы әл-ауқатына кері әсерін тигізеді және олардың қоғамға толық қатысуына кедергі келтіреді. Бұл олардың отбасыларына, олардың қоғамдастығына және жалпы елге әсер етеді. Зорлық-зомбылық үлкен шығындармен байланысты денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпалықтан бастап сот шығындары мен өнімділіктің жоғалуына дейін алып келеді. Медицина қызметкерлері зорлық-зомбылық құрбандарымен жиі байланыста болады, сондықтан бұл онлайн-тренинг гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы Денсаулық сақтау шараларын адам құқықтарына негізделуге және гендерлік зорлық-зомбылықтан аман қалған барлық адамдарға пайда әкелудің тағы бір қадамы болып табылады», - деді БҰҰ халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі (UNFPA), Қырғызстан мен Түрікменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе.

Бірінші топқа 40 қатысушы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының денсаулық сақтау мекемелерінен таңдалды, өйткені дәл осы аймақтарда UNFPA гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қою бойынша жобалар жүргізіп, тәжірибеден өткізді.

«Жалпы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі гендерлік зорлық-зомбылыққа ден қою бойынша онлайн-тренингтер өткізуді бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қолдайды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жеке мәселе ретінде қарастырылып жазасыз қалып жатады. Сондықтан зорлық-зомбылықтың алдын алу өте қажет. Бұл тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге, зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған дағдылар мен дағдыларды дамытуға ықпал ететін тренингтер», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Рабиға Милибаева.

«Өкінішке орай, COVID-19 пандемиясы бұрыннан бар гендерлік теңсіздікті күшейтті және бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да отбасылық зорлық-зомбылықтың жиілеуі байқалды. Оны жақында «БҰҰ Әйелдері» мен ЮНФПА-ның жедел гендерлік бағалауы растап отыр. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі гендерлік зорлық-зомбылықты басынан өткерген адамдарды анықтауға және оларға қолдау көрсетуге болатын негізгі тетік болып табылады. Мен Ұлыбританияның Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет етуге көмектесетін UNFPA жобасын қолдайтынына мақтанамын. Жоба бойынша медицина қызметкерлеріне арналған тренинг оларды гендерлік зорлық-зомбылықтан аман қалғандарға тиімді қызмет көрсетуге жақсы дайындайтына сенімім мол», - дейді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майк Гиффорд.