06 ақп, 2017 сағат 16:03

Қазақстандағы кәсіпорындар жұмысшыларына 150 млн. теңге қарыз

2017 жылдың қаңтарында еңбек мемлекеттік инспекторлары еліміздегі кәсіпорындардың жұмысшыларға жалақы берешегі 200 млн. теңгені құрағандығын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн. теңге соммасындағы ағымдағы жалақы берешегі анықталды. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн. теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн. теңге соммасында жалақы берешегі төленген. 

"300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн. теңге болатын жалақы берешегі толығымен төленді, «СП Sareco» ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн. теңге (Ақмола облысы), «Жамбылгипс» ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн. теңге, «Жамбылгипсстрой» ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн. теңге (Жамбыл облысы)", - дейді министрлік.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану жалғасуда.