Сурет: Zakon.kz
1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 триллион теңгеден (немесе 10,2 пайыз) артық көрсеткішке ие, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтар да шамамен тура осындай өсім - 9,9 пайыз немесе 1,2 триллион теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 триллион теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% пайыз ұлғайып, шамамен 436 миллиард теңге болды", - делінген қор хабарламасында.
Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді - 94,5 пайыз - ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 миллиард теңгеден асқан.
"2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайыз көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29 пайыз (немесе 329,5 миллирд теңгеге), МЗЖ - 39 пайыз (немесе 19,4 миллиард теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім - 212 пайыз немесе 1,4 миллиард теңге ЕЗЖ шоттарында болды" - делінген Қор хабарламасында.
Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
"БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 триллион теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 миллиард теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрады. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз төмендеді.
"Жасы бойынша төлемдер 22,6 пайыз ұлғайып, шамамен 109 миллиард теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады.
Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,9 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,2 млрд теңге аударылды", - делінген хабарламада.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн бірлік болды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша - 10,9 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны - 592 250 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары есебі бойынша 356 116 ЖЗШ ашылған.