© photo: Sputnik / Stringer
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Пойыз астына 42 азамат түсіп, оқиғаның тең жартысы өліммен аяқталған. 3 дерек бойынша балалар зардап шегіп, барлығы қайтыс болған.
"Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің фактілері де орын алып жатады. Ағымдағы кезеңде 930 факт тіркелді, оның ішінде: адамдардың болуы себебінен - 224, теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты 572 факті және т.б.
Мәселен, өткен демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Бұл оқиғалар Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Жоғарыдағы деректер бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 5-бөлігімен (белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) әкімшілік хаттама толтырылды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, көлік полицейлері жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның ішінде халықпен 1588 кездесу, жолаушылар пойыздарында 1772 кездесу, оқу орындарында 1814 дәріс өткізілген. Барлық іс-шарада теміржол көлігі объектілеріндегі негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілген.