Қазақстанда жүк көліктеріне навигациялық пломбаларды қолдану кеңейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар әзірленетін болады. Жалған алушылардың атына тауарлардың жалған транзитін және жеткізілуін болдырмау мақсатында автокөлік құралдарына навигациялық пломбаларды қолдану кеңейтіледі», - деді министр.
Оның айтуынша, салықтарды төлеудің толықтығы үшін тауарларға арналған электрондық ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу жолымен импорттан бастап бөлшек саудаға өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша бақылау енгізіледі.
«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарымен тауарлардың саны мен құны туралы ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Алкоголь өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталған соң, жүзеге асырылады», - деді Ерұлан Жамаубаев.