18 қар, 2022 сағат 14:33

Қазақстанда ЖРВИ-дің миллионнан аса жағдайы тіркелді


Биыл 1 қазаннан бастап ел бойынша миллионнан аса ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық аймағы коронавирус бойынша "жасыл" аймақта, ал күн сайын 70-ке дейін жұқтыру жағдайы тіркеледі.

"Коронавирус инфекциясының тұрақты жағдайына қарамастан, біз ЖРВИ мен тұмаудың кезекті өсу сатысында тұрмыз, ЖРВИ мен тұмаудың тарау түрі де, алдын алу шаралары да бірдей.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қалыптасып отырған жағдайды сипаттайтын болсақ, 1 қазаннан бері ЖРВИ-дің миллионнан аса жағдайы тіркелді", - деді Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Еліміздің бас санитария дәрігері тұмаумен ауырған 1000-нан аса жағдай зертханалық тексерулер арқылы расталғанын қосты.

"Сонымен қатар, биылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың айналымы әдеттегіден ерте басталып, бүгінде А және В тұмауының екі түрі де тіркелгенін атап өткен жөн", - деп түйіндеді Есмағамбетова.