30 шіл, 2020 сағат 10:00

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны азайды

2020 жылдың қаңтар-маусым аралығында елде 5,3 мың жол көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген деп хабарлайды ranking.kz сайты.

Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,8%-ға аз. 

Өңірлер бойынша ЖКО-ның ең көп саны Алматыда тіркелген. Елдегі барлық жол-көлік оқиғалары санының 23,6%-ы Алматыға тиесілі. Жарты жыл ішінде қаржы орталығында 1,2 мың ЖКО тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есе аз. 

ЖКО саны жөнінен екінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 802 ЖКО тіркелген. Жол апаттарының саны 28,2%-ға қысқарған. Үшінші орында – Жамбыл облысы. Аталған өңірде 447 ЖКО тіркелген. Жол-көлік оқиғаларының сны 25,3% азайған. 

Алты айдың қортындысы бойынша ЖКО-дан 7,7 мың адам зардап шеккен. Олардың 6,9 мың адамы жарақат алса, 712 адам көз жұмған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,5%-ға аз. 

ЖКО-дан жарақат алғандардың көбісі Алматы қаласында тіркелсе, қаза тапқандардың басым көпшілігі Алматы облысынан. Алматы облысында 137 адам жол апатынан қаза тапқан. Аталған тізімнің басында Түркістан мен Жамбыл облыстары да бар.