Қазақстанда жеке тұлғаларды электрмен жабдықтауға қосу шартын жасасу рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір өзгерістер енгізілді«, делінген ҚР ЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұрын электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға 9 құжат ұсынып, оған қол қою үшін жеке келуі қажет болған. Бұл ретте, тұтынушы құжаттардың бір бөлігін энергия беруші ұйымнан алатын. Ал өзгерістерден кейін тұтынушы тек энергия беруші ұйымға барып, оған 7 құжатты (оның ішінде тек 5 құжатты тұтынушы береді, ал қалған құжаттарды энергия беруші ұйым береді) тапсырады.
Сондай-ақ, тұтынушылар шарт талаптарын бұзған жағдайда, электр энергиясын беруді тоқтату туралы хабарламаны алу тәртібі де өзгертілген. Бұл жерде, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы қарыздары үшін кейіннен электр энергиясын беруді тоқтату туралы тұтынушыны хабардар ету мәселесі жаңалық емес екенін атап өту қажет.
Электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін электр энергиясын өшіру туралы тұтынушыны хабардар ету тәсілі ғана өзгерді. Бұрын тұтынушыға оның хабарламаны алғанын растау, сондай-ақ хабарламаны жеткізу тәсілін таңдауы керек болатын. Яғни тек түбіртекпен ғана мүмкін болғандықтан, осы өзгерістердің қажеттігі туындады.
»Бұның бәрі тұтынылған электр энергиясы үшін төлеуден бас тартушы жосықсыз тұтынушылар санының өсуіне ықпал етті. Соның салдарынан, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы тұтынушылардың дебиторлық берешегі ай сайын өсуде. Мұндай жағдай энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар алдында энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың дебиторлық берешегінің ұлғаюына әкеп соқты. Енді тұтынушылар кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алу түрін (электрондық поштамен, факспен, пошта арқылы, қысқа мәтін хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджермен) өздері таңдайды«, - деп атап өтеді ведомстводан.
Шартты түрде тұтынушы электр энергиясын 1 мен 31 қаңтар аралығында тұтынады. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынылған электр энергиясы үшін 15 ақпанға дейін шот ұсынады және тұтынушыда 25 ақпанға дейін оны төлеуге уақыты болады. Егер тұтынушы 25 ақпанда электр энергиясы үшін төлемесе, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынылған электр энергиясы үшін төлеу қажеттілігі және төленбеген жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өшірілетіні туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте осы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттық қарым-қатынастарға қатысы жоқ. Яғни, тұтынушы шартты қайта жасамаса, онда бұл өзгерістер оған қолданылмайды. Өз кезегінде, электрмен жабдықтау шарттары қолданыстағы шарттың мерзімі өткеннен кейін қайта жасалады.