Фото: Асқар Сабдиннің жеке мұрағаты
Қазақстанда терактінің бәрін сәләфиттер жасады. Бұл пікірді белгілі теолог, исламтанушы Асқар Сабдин «Сұрауы бар» ютуб бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
– Қаншама теракт болды, барлығын сәләфиттер жасады. Сол теракттарды жасаған адамдармен кездескен жан ретінде айтамын. Барлығының портреті бірдей. Ал енді сәләфизмнің ішінде қазір әртүрлі ағымдар пайды болды. Бұлар да қырық пышақ болып, бір-бірімен дауласып жатыр. Ішінде мәзхалифтер бар. Олар да екіге бөлініп кеткен…
Қазіргі таңда сәләфизмнің жобалары әлемде деструктивті табиғатын көрсетті. Сауд Арабиясының өзі қазіргі консервативті сәләфизмнен бас тартып жатыр. Мысалы, бұрын мүфтилері музыка харам десе, қазіргілері музыканың харам екеніне нақты дәлел жоқ деген секілді пәтуалар бере бастады, – деді дінтанушы.