30 нау, 2020 сағат 09:15

Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

Қазақстанның тағы үш аймағынан коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыз сағат 11:10-дағы дерегіне сай, елде тағы 9 адамнан коронавирус табылған. Алматыда - үш адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында үш адам дертке шалдыққан. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 293-ке жетіп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласында – 167

Алматы қаласында – 73

Шымкент қаласында – 2

Ақмола облысы – 9

Ақтөбе облысында – 2

Алматы облысында – 6

Атырау облысында – 12

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысында – 3

Батыс Қазақстан облысында – 2

Қарағанды облысы – 7

Қызылорда облысы – 5

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1