20 там, 2024 сағат 16:13

Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

Фото: ашық дереккөз

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет кулуарында енді рулі оң жақтағы көліктер такси агрегаторларына тіркелмейтінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда InDriver компаниясымен меморандумға қол қойылған, онда агрегатордың оң рульді көліктерді тіркеуден бас тартуы қарастырылған.

"Заң бойынша рулі оң жақтағы көліктермен такси қызметіне тыйым салынады, сондықтан InDriver де, "Яндекс" те оларды тіркемейді, "Яндекс" пен InDriver 1 қаңтарға дейін инвентаризация жүргізеді, рулі оң жақтағы көліктерді анықтайды және шектейді. Рулі сол жаққа ауыстырылған көліктер бар. Олар азаматтардың денсаулығына және қозғалысқа қауіп төндіреді. Интернет-провайдерлер аудит жүргізеді және 1 қаңтардан бастап мұндай көліктер анықталып, шектеу қойылады", - деді Қарабаев.


Сондай-ақ министр ІІМ жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімін беретінін, олар да агрегаторлық жүйеден ажыратылатынын атап өтті. Бұл ретте шектеу азаматтардың өзіне және көліктеріне де қатысты болады, деді министр.