1 қараша күні Қазақстанда 41 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 32 адам жазылған. Тәулік ішінде аурудың осы түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.
Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 1 қарашаға дейін 38 003 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 819 адам жазылған, 401-і қайтыс болған.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 1 қараша аралығында 112 860 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1857-і қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 489 адам емделіп жатыр. Оның арасында 333 бала бар.
2 420-сі стационарда, 2069-ы амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр. 150 науқастың ахуалы нашар, 15 адамның жағдайы - өте ауыр, 22 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.