5 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 397 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 43 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 27 200 адам дертке шалдығып, 310 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 874 жетті.