Foto: LETA
Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту ұсынылды. "Кейбір заңнамалық актілерге, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында сотталып, түрмеде отырған адам қоғамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, химиялық кастрацияны бостандыққа шығар алдында бірден бастау керектігі ұсынылды.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың айтуынша, кастрацияны қолдану әдісі өзгерген жоқ.
"Химиялық кастрация - ерлер гормондарының немесе андрогендердің деңгейін төмендетеді. Сотталған адамның мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотқа сот сараптамасын тағайындау туралы өтініш хат береді. Оның балаларға жыныстық құмарлығы бар-жоғын анықтау үшін психиатриялық сараптама тағайындалады. Егер сараптама мұны анықтаса, онда оның тұрғылықты жерінде химиялық кастрация жасалынады", - деді Аюбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.