Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 18 медициналық қызметкер қайтыс болған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес.
«Алайда, олардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар», - деді Айжан Есмағамбетова.
Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 11,5 пайызы – медициналық қызметкерлер. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 медициналық қызметкер емін жалғастыруда.