16 мам, 2024 сағат 16:49

Қазақстанда мәдениетсіз әртістерді айыппұлмен жазалау ұсынылды

Сурет: pokayadoma.ru

Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнадағы әдепсіз әрекеті үшін әртістер мен әншілерді қаржылай жазалауды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, жеке тұлғаларға 150 АЕК (553,8 мың теңге) және заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұлдар туралы болып отыр.

Бұзушылық қайталанса, айыппұлдар 200 АЕК (738,4 мың теңге) және 600 АЕК (2,2 млн теңге) дейін өседі.

Әртістердің орынсыз мінез-құлқына мыналар жатады:

  • балағат сөздерді қолдану;
  • алкоголь немесе есірткіге улану.