02 нау, 2020 сағат 15:10

Қазақстанда КВИ-дан өлім-жітім статистикасы аптасына бір рет жарияланып отырады

Қазақстана коронавирус инфекциясынан келетін өлім-жітім статистикасы аптасына бір рет берілетін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл маңызды шаруа. Біз бұрын мұндай мәліметтерді күн сайын беріп отырдық. Алайда бір пациент бір күн бұрын қайтыс болса, біз ол туралы мәліметті келеіс күні алып отыруымыз мүмкін. Сол себепті мұндай статистиканы аптасына бір рет беріп отыруды жөн деп шештік», - деді Алексей Цой.

Еске сала кетсек бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілетін болды.