Қазақстанда құрастырылған техникалардың құны ашық. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Импорттық техниканың (ауыл шаруашылығы техникасы) бағасын ешқашан көре алмайсыз. Мүмкін оның өзіндік бағасы 10 теңге болып, елге әкеліп 25 теңгеден сатып отырған шығар. Ал шетелдік зауыттар елімізге келген кезде техниканың бағасын көре аласыз. Өйткені, зауыттар техниканы құрастыратын қосалқы бөлшектерді делдалдардан алмайды. Тікелей зауыттан алады. Сонда қосалқы бөлшектердің қандай бағамен келетіндігін біле аламыз. Яғни, оның құнының ашық болуына әсер етеді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.