02 қаз, 2020 сағат 07:27

Қазақстанда коронавирустан 3279 адам ем алып жатыр

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан ажамдар саны 3279-ды құрап отыр. Олардың арасында 64 сәби бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ стационарларда 1 745 науқас жатыр, 1 534 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.