Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайлар саны (16 ақпан күнгі деректер):
Нұр-Сұлтан - 2 адам,
Алматы қаласы – 1 адам,
Ақтөбе облысы – 1 адам,
Алматы облысы – 1 адам,
Қарағанды облысы – 2 адам,
Қызылорда облысы – 2 адам,
Павлодар облысы – 1 адам,
Қазақстан бойынша барлығы 10 адам көз жұмған.
Еске сала кетсек, 18 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 994 адам коронавирус инфекциясынан (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 900 пациент стационарда, 17 094 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.