Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия індеттен емделіп жатқан науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 869 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 211 жасөспірім бар. Стационарларда 2 317 науқас жатыр. 552 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 124 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 10 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ВАК ақпаратында.