Шығыс Қазақстан облысының полицейлері көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынатындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
«Көлік нөміріндегі сандар мен әріптерге басқа жазу мен «3D» символ түріндегі элементтерді жабыстыруға рұқсат берілмейді. Бұл нөмірдің колориметриялық сипаттамаларының стандартын бұзу болып саналады. Сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде нөмір қар мен кірден тазаланып тұруы шарт», - делінген ақпаратта.
Егер көлік нөмірі көрінбей қалса жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (14 585 теңге) айыппұл салынады.