Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді қалай жою жоспарланып отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
ОКҚ-да өткен брифингте журналистер Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Кимнен киіктер қалай жойылатынын сұрады.
"Қатыгездікпен ату туралы сөз болмайды, жануарларды тұрақты пайдалану туралы айтып отырмыз. Бір кездері ақбөкен бүкіл Қазақстан халқына пайда әкелді, ол бойынша тұтас аңшылық жолға қойылды. Бүгінде министрліктің міндеті ақбөкендер санын сақтау және қалпына келтіру болды, осы мақсатқа жеттік. Әңгіме оларды жойып жіберу туралы емес. Ату ұсынылмайды, бірақ қорада (зоотехникалық және ветеринарлық өңдеу үшін бұғы айдалатын құрылым. - есекрту) ұстау әдісі ұсынылады - тор қақпан қолданылады. Осылайша белгілі бір саны алынады", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Оның айтуынша, жыл сайын ғылыми ұйымдар квота – ұсталатын шекті анықтайды.
"Аңшылық мақсатта әрбір түр алынады, яғни тұрақты пайдалану жалпы табиғатқа зиян келтірілмейтінін және популяция саны тұрақты болып қалатынын білдіреді. Ақбөкендерге келетін болсақ, бұл - тұяқтылардың ең көп таралған түрі. Егер Қазақстандағы барлық тұяқты жануарлардың жалпы санын қосатын болсақ, бұл - шамамен 200 мың бас, ал ақбөкендер - 3 миллионға жуық", - деп түсіндірді ол.