03 сәу, 2023 сағат 12:19

Қазақстанда депозиттердің максималды мөлшерлемесі бекітілді

© Sputnik / Наталья Селиверстова

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың мамырына арналған депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін сақтап қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2023 жылғы мамырда теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер сәуірдегі мән деңгейінде қалды.

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеде көрсетілген:

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", - делінген хабарламада.