Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді ұлғайтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.
"Сонымен қатар, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды", - делінген хабарламада.