15 нау, 2024 сағат 15:28

Қазақстанда чайлдфрилер бар ма?

Фото:Ашық дереккөзден

Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, батыс елдерінде жастардың ата-ана болудан саналы түрде бас тарту идеологиясы кең тарап жатыр. Ондай адамдарды - чайлдфри дейді, яғни ағылшын тілінен тікелей аударғанда childfree - баладан азат.

Қазақстанда чайлдфрилерді анықтау үшін арнайы статистика жүргізілмеген. Бірақ ranking.kz сайтының мамандары бұл сұраққа жауап іздеуге тырысып көріпті. Олардың айтуынша адамдардың БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттары мен әлеуметтік желіге жазған жазбаларынан ата-ана болудан саналы түрде бас тарту үрдісі бізде де бар екенін байқауға болады.

Қазақстанда үй шаруашылықтарының саны мен құрамы қанша екеніне талдау Ұлттық халық санағы кезінде ғана жүргізіледі. Бұл деректен тек қана Қазақстанда қанша ерлі-зайыптыда бала жоқ екенін анықтауға болады.  2021 жылы өткен соңғы халық санағы кезінде елде мұндай отбасылар - 656,5 мың болған. 2009 жылдан бері ондай отбасылардың саны 73,8% артқан. Ондай отбасылардың көбі қалалы жерде тұратындар екен. Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының сарапшылары бұл жұптардың балалары бар-жоғын, басқа туыстарымен бірге тұратынын немесе өз бетінше бөлек тұратынын көрсетпейді. Олар ерлі-зайыптылар отыз жасқа толған ба, жоқ па екенін ғана көрсететін көрінеді. 2021 жылы ондай жанұялар саны 92,9 мың болған. Бұл оның алдында болған Ұлттық санақтан екі есе көп.
Қазақстанда әйелдер орта есеппен 25,2 жаста тұрмысқа шықса, 30 жастан асқанда ғана балалы бола алатын көрінеді. 2021 жылы елімізде 21,4 мың адам медициналық себептермен бала таба алмайтыны анықталған.


Wikipedia.org сайтында жазған ақпараттар бойынша әлемде чайлдфрилердің балалы болмауының жүзден астам себебі болса, Қазақстандағы БАҚ негізінен экономикалық және әлеуметтік себепті айтады екен. Олардың кейбіреуі ата-анасында болған материалдық қиындық өздерінде және балаларында болмағанын қалағандықтан балалы болудан бас тартса, кей біреуінің чайлдфри болуына бала кезінде өзінен кіші бауырларын баққаны жағымсыз әсер қалтырғандықтан екен.

Әлемде чайлдфрилердің түрлі қауымдастықтары бар. Ал Қазақстанда ондай ұйым 2018 жылы құрылған. Әлеуметтік желіде ол ұйымды құрушылар "Яжматеринства" қағидатына қарсы екендерін, балалы болу мәдениетін өзгертуді қалайтынын және қоғамның немқұрайлылығын қолдамайтындығын айтады екен.

Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2018 жылдан 2021 жылға дейін өскен, алайда одан кейін төмендегені байқалады. Мамандар 2027 жылға дейін бала туу азаяды, одан кейін қайта көтеріледі деп болжайды.