Қазақстан аумағында бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілеме жасап.
Бүгін Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
- Ashyq бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70 пайызға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі:
- (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
- (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
- балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды.
- эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан ("қызыл", "сары" және "жасыл") ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80 пайыз, 50 пайыз және 30 пайыз) алып тасталды.
Тұрғындар үшін:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
- ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
- ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады (Ashyq жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).
Pfizer вакцинасын қолдану рұқсат етіледі:
- (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарға ревакцинациялау кезінде;
- (барлық топтағы мүгедектер);
- (екінші доза) аяқтау үшін рұқсат етіледі.
Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлекет вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.