22 там, 2020 сағат 08:21

Қазақстанда бір тәулікте 666 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 666 адамнан коронавирустық пневмония анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның - 666 және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 464 адам емделіп шықты», делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 21930 адамнан анықталды, ал жазылып шыққандардың саны 2603 жетті, 249 науқас қайтыс болды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 242 адамнан анықталды. Оның ішінде 113 адам - симптомсыз тасымалдаушы. 

Бір тәулікте індеттен 1792 адам жазылып шықты.