11 қарашада Қазақстанда 188 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 65 адам жазылды, өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды.
Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 39 545 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 412 адам қайтыс болған, 29 351 адам жазылған.
Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 7 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1918 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 118 491 адам бар: 108 632-і жазылған.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 868 науқас жатыр. 5 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 182 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр