27 мам, 2022 сағат 13:02

Қазақстанда бес қылмыстың төртеуін жұмыссыздар жасайды - зерттеу

© Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстандық сарапшылар жыл басынан бері жасалған қылмыстар туралы ақпарат жариялады.

Оларға сәйкес, 2022 жылдың алғашқы төрт айында жасалған 20 мың қылмыстың 16 мыңы тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарға тиесілі. Қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,9%-ға аз, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі finprom.kz портала сілтеме жасап.

"Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыстық теріс қылық жасаса, 7,2 мың адам — ауырлығы орташа қылмыс, 5,4 мың адам — ауыр қылмыс, 3,1 мың адам — онша ауыр емес қылмыс, 459 адам — аса ауыр қылмыс жасаған", - делінген жарияланған зерттеуде.

Анықталған қылмыскерлер саны бойынша:

1. Алматы облысы - 2,4 мың адам

2. Алматы - 2,3 мың адам

3. Нұр-Сұлтан - 1,7 мың адам.

Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында - 436 адам.

Қылмысқа көбінесе ер адамдар барады - 17,5 мың адам. Әйелдер небәрі 2,5 мың адам. 454 қылмыскер - кәмелетке толмағандар", - делінген зерттеуде.

Сондай-ақ, құжатта қылмыс жасаған кезде 79,2% немесе 15,8 мың құқықбұзушы жұмыссыз болғаны айтылған. 381 адам - мемлекеттік қызметкер, 339 — оқушы, 261 - жеке кәсіпкер болды.