12 қаң, 2023 сағат 14:18

Қазақстанда барлық бастауыш сыныпты тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Фото: mk.ru

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда барлық бастауыш сыныптарын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Оның сөзінше, сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуында үлкен маңызға ие.

"Алдағы уақытта:

- Балаларды тамақпен камтамасыз ету нормаларын қайта қарау,

Бастауыш сынып оқушыларын тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- Асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр", - деді Бейсембаев министрлер коллегиясының отырысында.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2022 жылы 136 мың оқу орны бар 247 жаңа мектептің қолданысқа берілгенін атап өтті. 264 мектепте кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген.