Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда әйелдер балаға тегі ретінде әкесін емес, анасын жаздырғысы келетін жағдайлар жиілеп кетті. Яғни, бағанда әкесінің тегінің орнына анасының тегі көрсетіледі. Мұндай жағдайлар туралы Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дүйсембаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Маманның айтуынша, баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінде жазылған.
Айта кетейік, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 63-бабына сәйкес бала есімін, әкесінің атын және тегін алуға құқылы. Осы баптың 2-тармағына сәйкес "әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі".
"Балаға әке атын беру тәртібі біздің заңнамаға сәйкес белгіленеді. Балаға әкенің аты басқа жағдайда берілмеген. Десе де, біздің заңнамада "ананың аты" деген ұғым жоқ. Біз "әкесінің аты" деген бағанға анасының атын жаза алмаймыз. Сонымен қатар, қазір жиі әкесінің аты көрсетілмейді, алынып тастап, әкесінің аты тегі ретінде қолданылады", - деді Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дүйсембаева.
Сонымен қатар, маманның айтуынша, қазір балаға қос есім беруге тыйым салынбаған.