03 нау, 2020 сағат 07:35

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,6% өсті

Азық-түлік тауарларына баға бір жылда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы ақпанға) 8,6% өсті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.

2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңгені (330 теңге), сөкке – 373 теңгені (254 теңге), күрішке 376 теңгені (323 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда килограмына 185 теңгені, 2019 жылғы ақпанда 236 теңген болды.

2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймаққа – 1121 теңгені (1050 теңге), айранға – 300 теңгені (286 теңге), пастерленген сүтке 256 теңгеге (239 теңге) саудалануда.