12 қыр, 2024 сағат 17:57

Қазақстанда әскерге шақыру жасын көтеру ұсынылды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыруды жасын 18-ден 20-ға дейін көтеруді талап еткен петиция жарияланды. Қазір петиция модерациядан өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

E-Petition сайтында "Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеру туралы" жаңа петиция жарияланды.

Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынады. Олардың сөзінше, 18 жастағы жастар Отан қорғауға жеткілікті дайын болмайды. Ал 20 жастан асқаннан кейін олар психологиялық әрі физикалық жағынан дайын болады. Сонымен қатар петиция авторлары 18 жастағы біраз жастың білім алып жатқанын атап өтті.

"Бұл жаста әскерге шақыру олардың білім алу үдерісін үзіп, болашақ мансаптарына және кәсіби өсуіне теріс әсер етуі мүмкін", - дейді петиция авторлары.


Олар осы арқылы әскердегі құқықбұзушылықтар азаюы мүмкін екенін айтты. Себебі ересек адамдар әдетте үлкен жауапкершілік алып, өзін-өзі тәртіпке сала алады.

"Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, әскерге үлкен жаста баратын жастар қызметтен көп қашпай, әскерден көп жалтармайды. Өйткені олар әскери борышқа саналы және дайындалып барады. Кейін осындай жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік аламыз", - деп жазды авторлар.