Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігнің Telegram арнасынан хабарланды.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.