ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев республика бойынша 742 шақырым электр желісінің иесі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің бас энергетигі иесіз желілерді қысқарту бойынша қыруар шаруа атқарылып жатқанын айта келе, энергия беруші ұйымдар саны 162-ден 152-ге азайтылғанын атады. Оның пікірінше, мұндай қадам саладағы қауіпсіздік деңгейін арттырып отыр.
«2018 жылы иесіз желілер ұзындығы 2 350 шақырым болса, 2019 жылдың басында бұл көрсеткіш 1 336 шақырымға азайды. Ал соңғы бес айдың ішінде 594 шақырым электр желісі жергілікті кәсіпорындар балансына беріліп, 742 шақырымы иесіз тұр», - дейді Қанат Бозымбаев.
Министр атаған қадамдардың нәтижесінде электр желісіндегі жазатайым оқиғалар азайған.
«Жалпы 2023 жылға қарай республика бойынша энергия беруші ұйымдар санын 110-ға дейін қысқарту көзделіп отыр. Ал иесіз желілер мен коммуналдық ұйымдар мүлде болмайды», - деді ол.
Қанат Бозымбаев электрмен жабдықтау жүйесінің қолжетімділігі бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 76-шы орында тұрғанын еске салды.
Ел алдында есеп берген энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2027 жылға дейін Қазақстанда электрге тапшылық болмайтынын да айтқан еді.