Қазақстанда 500-ден астам оқушы короновирусқа шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оқушылар арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайына қатысты күн сайын мониторинг жүргізудеміз. Жалпы індет жұқтырудың 519 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, кезекші сыныптарда оқып жүрген балалар арасында 186 жағдай және қашықтан білім алып жатқан оқушылар арасында 333 факті тіркелді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда комитет басшысы барлық індет ошағында байланыста болған 3 мыңнан астам адам анықталғанын айтты. Қарым-қатынаста болғандар арасында коронавирус инфекциясының 50 жағдайы тіркеліп, оның 21-і кезекші сыныптардағы балалар арасында анықталды.