Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 85 485 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«2022 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,08 трлн теңге несие алуға 85 485 өтінім қабылданды.
Оның ішінде 621,2 млрд теңгеге 49 170 несие мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурстарында қосымша ақпаратпен таныса аласыз», - делінген хабарламада.