Соңғы жеті жылда елімізде жасөспірімдер қылмысы 64%-ға қысқарды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында қылмыс үштен бірге қысқарды. Олар жасаған ұрлық саны 39%-ға, тонау 54%-ға, қарақшылық 79%-ға және бұзақылық 25%-ға азайды. Әдеттегідей, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының басты себебі – балаларға тиісті бақылаудың болмауы. Жыл сайын полиция органдарына 100 мыңға жуық бала жеткізіледі. Олардың көпшілігі түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерсіз жүрген жасөспірімдер болған», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.
Оның айтуынша, 2020 жылы 65 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар балаларына түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында жүруге жол берген.
«Сонымен бірге, кафелер мен мейрамханалардың 800-ден астам иесі осындай кәмелетке толмағандардың жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам жасөспірімді ата-аналарына беру мүмкін болмағандықтан, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырғаны үшін бейімдеу орталықтарына жіберілді. Бүгінде полиция есебінде құқықбұзушылық жасауға бейім 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала тұр. Олармен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде», - деді А. Милюк.