ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда өкпе қабынуымен қанша адамның емделіп жатқанын баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Соңғы 20 күнде 63 491 адам тіркелді. Қазіргі уақытта 45 мың науқас ауруханада ем алып жатыр», - деп жауап берді бас санитар Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.
Бұған дейін спикер екі апталық карантинде сырқаттар өсімінің болмағанын мәлімдеген еді.
«23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты. Сырқаттану тәулігіне 1 600-1 700 жағдай деңгейінде тұрақтанды. 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр», - деді А. Есмағамбетова.