01 қаз, 2020 сағат 09:40

Қазақстанда 3308 адам коронавирустан ем алып жатыр

Қазанның 1-і күнгі ақпарат бойынша, Қазақстанда 3308 адам коронавирустан ем алып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Министрлік тартақан мәліметтерге қарағанда, ем қабылдап жатқандардың арасында 59 сәби бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр, 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.