09 нау, 2021 сағат 10:12

Елімізде 33 мың адамға коронавирус вакцинасы салынды

Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамға коронавирусқа қарсы екпе салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 279 адам бірінші компонентпен, 15 856 адам екінші компонентпен егілді. 

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. 

Бұл ретте ресейлік «Спутник V» екпесі және отандық «QazCovid-in» вакцинасы қамтылмақ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «СҚ-Фармация» ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 млн астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 млн дозаға дейін арттыру жоспарланған. 

Айта кетейік, вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді.