27 ақп, 2020 сағат 14:38

Қазақстанда 29 мыңдай үкіметтік емес ұйым бар

Бүгін - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай елордадағы республикалық волонтерлердің фронт-кеңсесінде бірқатар шаралар өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2014 жылдан бастап Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда елімізде 29 мың осындай ұйым бар. Өкінішке орай, олардың көбі белсенді емес. Үкіметтік емес ұйымдарға мақсатқа жету және әртүрлі шаралар өткізу үшін 20 млрд теңге бөлінеді. Бүгінгі отырысқа қатысушылардың әрқайсысы азаматтық қоғамның даму концепциясын дайындады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидулла Оспанқұлов.

Үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өту барысында шеберлік сыныптары, әлеуметтік жобалар көрмесі өтті.

«Бүгін әріптестерімізбен кәсіби мерекемізді атап өту үшін жиналдық. Қазақстан бойынша жұмыс істеп, әлеуметтік мәселелерді шешіп жүрген коммерциялық емес ұйымдарға алғыс айтамыз. Олар ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейді, АИВ және туберкулезге қатысты мәселелерді шешеді, сондай-ақ адамдардың құқығын қорғайды», - дейді «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры, Нұр Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі Махаббат Еспенова.